Ақтөбеде бала 7 қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

Ақтөбеде бала 7 қабаттың терезесінен құлап, мерт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 14:00 Сурет: unsplash
Ақтөбеде жазатайым оқиға орын алды. Бес жасар бала терезеден құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала өз бөлмесінде ойнап жүргенде, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап түсті.

"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды".Ақтөбе облысы ПД басқармасы

Мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды.

​Ақтөбе облысының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы құлаудан сақтамайтынын ешуақытта естен шығармаңыз!
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!

26 мамырда Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: