СҚО-да жеңіл көлік апатқа ұшырап, әйел адам қаза тапты

Жол апаты, СҚО, Қызылжар ауданы, Audi, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 19:01 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданындағы Петропавл – Долматово тас жолында жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Audi көлігі кюветке ұшып, жол шетіне қарай аударылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media. Басылымының хабарлауынша, жол апаты 2026 жылдың 10 мамырында Ташкентка және Барневка ауылдарының арасында болған.

Оқиға орнында көліктегі 50 жастағы әйел қаза тапты. Марқұм жүргізушінің әйелі болады. Ерлі-зайыптылар Барневкаға бара жатқаны белгілі.

"Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Полицейлер қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайларын анықтайтын болады". СҚО ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: