СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2024 17:19 Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 шақырым жерде болған. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Астана – Петропавл" автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан "Беларус" тракторының тіркемесіне соғылған.

Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: