Жетісу облысында жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты

Жол апаты, Жетісу облысы, Алматы-Өскемен тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 13:55 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысы, Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігі жол апатына ұшырады. 41 жастағы ер адам тізгіндеген шетелдік көлік Алматы-Өскемен тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнында жүргізуші мен оның жанындағы 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", делінген полиция хабарламасында.

Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты орын алған.


Сурет: polisia.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: