Арменияда оқушы толы автобус биіктен өзенге құлап кетті
Сурет: pixabay
Мектеп автобусы жолдан шығып, бірнеше мәрте аударылып, бес метр биіктіктен өзенге құлады. Оқыс оқиға 10 наурызда Арменияның Сюник облысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобуста оқушылар мен мұғалімдер болған. Апаттан зардап шеккендердің саны 21-ге жетті, деп жазады News.am порталы.
Оқыс оқиға сағат 14:21 шамасында Арачадзор ауылының әкімшілік аумағында Капан-Норашеник тас жолында орын алды. Апаттың себептері анықталу үстінде.
Айта кетсек, Бразилияда пойыз мектеп автобусымен соқтығысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript