Ақтөбеде екі жасар қыз екі қабаттың терезесінен құлап кетті

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 19:41 Сурет: pexels
Оқыс оқиға Жұбановтар көшесіндегі көппәтерлі үйдің алдында орын алды. Баланың анасы үйде болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар клиналық ауруханасына жатқызылды.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын өткізетін әрі демалатын жерін мұқият қарап, бақылау қажет. Көктемгі, жазғы кезеңде балалардың жарақаттануы мен өлімге әкеліп соғатын жағдайлардың бірі - терезеден құлау немесе суға батып кету жиі орын алады. Баланы қараусыз қалдыру көбінесе жазатайым оқиғаларға әкеліп соғады, - деп ескертеді полицейлер қала тұрғындарына.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: