Нұр-Сұлтанда «самокаттағы» үш жасар баланы көлік қақты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 23:42 Сурет: pixabay
Оқыс оқиға Мыңарал көшесіндегі үй ауласында орын алды. Баланың дене жарақаттарын алғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mitsubishi маркалы көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде сақтық шараларын елемей, жан-жағына дұрыс көз жүгіртпегендіктен "самокаттағы" баланы қаққан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша мән-жай анықталып жатыр.

Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, қаза болғандар жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: