Астанада терезе жуушы ер адам биіктен құлап мерт болды
Сурет: pixabay
Елордадағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетін жағалап терезе жуып жүрген ер адам құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 1 мамырда орын алған. Сағат 17:33-те "103" қызметіне тұрғын үй кешенінде биіктік бойынша жұмыс атқару кезінде, атап айтқанда ғимараттың сыртындағы терезелерді жуу кезінде альпинистік жабдықпен жарақталған 1988 жылғы ер адам құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі жылда күн жылына салысымен балалар, кейде ересектердің де осындай жазатайым оқиғаларға бой ұруы жиілейтінін айтады.
"Көбінесе трагедия ересектердің немқұрайлылығынан және терезелерді тазалау кезіндегі абайсыздықтан орны алып жатады. Сондай-ақ, жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлауының үш жағдайы тіркелді". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript