Оралдық кәсіпкер мемлекетке төленбеген 752 миллион теңге салықты қайтарды

Сурет: Zakon.kz
Оралдық кәсіпкерге қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Кәсіпкер қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін өз еркімен қарызын өтеуге келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА баспасөз қызметінің 11 желтоқсанда хабарлауынша, агенттіктің Батыс Қазақстан бойынша департаменті мемлекетке қомақты сомада қарызы бар жеке кәсіпкерге қатысты істі тергеуді аяқтады.

Тергеу анықтағандай, 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, осылайша 605 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған, өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі.

Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер