Сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес, ауа температурасының күрт төмендеуіне, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда 61 учаскеде шектеулер енгізілді:
Алматы обылысында – "Алматы-Шелек-Қорғас" тас жолының 24-254 шақырым аралығы, Арман АЖБ – Айдарлы ауылы (көліктің барлық түріне);
Ақмола облысында - 20 жол учаскесі. Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Ақтөбе облысында – "Қарабұтақ-Комсомоль-Денисовка-Рудный-Қостанай" тас жолының 0-234 шақырым аралығы, Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының шекарасы (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Жетісу облысында - 3 жол учаскесі: "Үшарал-Достық" тас жолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма ст.- Достық ст.; "Сарыөзек-Көктал" тас жолы - 45-68 км, (Алтын Емел) (автокөліктің барлық түріне); "Алматы-Өскемен" тас жолы - 124-558 км, Жоламан ауылы - Үшарал қаласы (барлық жүк автокөліктеріне);
Жамбыл облысында - 3 жол учаскесі: "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы - 534-593 км, Айша-Бибі ауылы - Түркістан облысының шекарасына дейін; "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы - 159-238 км, Кенен ауылы - Кайнар ауылы; "Мерке-Шу-Бурылбайтал" тас жолы - 124-558 км, Жоламан ауылы - Үшарал қаласы (жүк автокөліктеріне);
Қарағанды облысында - 7 жол учаскесі. Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Қостанай облысында - 7 жол учаскесі (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Маңғыстау облысында – "Ақтау-Құрық" тас жолы - 13-72 км, Ақтау қаласы - Құрық ауылы (барлық автокөліктер үшін);
Павлодар облысында – 2 жол учаскесі (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Солтүстік Қазақастан облысында – 14 жол учаскесі (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін);
Түркістан облысында – "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы - 593-652 км, Жамбыл облысы - Машат ауылы (жүк автокөліктеріне);
Ұлытау облысында – "Қызылорда-Павлодар" тас жолы - 756-788 км. Жаңаарқа шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейін (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 527 бірлік техника мен 1273 қызметкер жұмылдырылған. 626 текше метр көктайғаққа қарсы материал қолданылды.