Қостанай облысында жүк көліктің жүргізушісі полиция бекетін айналып өтпек болып, жолдан шығып кетті

Сурет: polisia.kz
13 желтоқсанда Меңдіқара ауданында 26 бас ірі қара малды тасымалдаған КАМАЗ жүргізушісі Қостанай – Введенка айналма жолында полиция бекетін айналып өтпек болып, көктайғақ салдарынан кюветке түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Меңдіқара полиция бөлімінің осы бағыттағы жолды жауып тастаған қызметкерлері көмекке барды. Жүргізуші мен жануарлар зардап шеккен жоқ.

Полицейлер ірі қара малды тасымалдау құжаттарын тексергенде заң бұзушылықтарды анықтады. 11 бас мал үшін анықтамалардың мерзімі өтіп кеткен. Жиналған материал сот талқылауына, ветеринарлық инспекцияға жіберілді.

Полицейлер жүргізушіге көмек көрсетіп, таңертеңге дейін жүк көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Таңертең көлік кюветтен аман-есен шығарылды.  

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін