Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Баум тоғайы абаттандырылады: онда скандинавиялық серуендеуге арналған эко-жолдар пайда болады, сонымен қатар шағын архитектуралық пішіндер орнатылады. Үлкен Алматы каналының айналасындағы аумақта рекреациялық және жағажай аймақтары жабдықталып, жаяу жүргіншілер көпірлері жаңартылады. Сондай-ақ Кіші Алматы өзенінің бойындағы жаяу-серуендеу аймағы реконструкцияланады. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың екінші тоқсанында басталады.
Бұл нысандардың барлығы Түрксіб ауданында орналасқан, бұл аудан қаланың ең жасыл аудандарының бірі саналады, мұнда 688 мыңнан астам ағаш өседі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, 2020-2022 жылдар аралығында 66 мың жас ағаш отырғызылды, осы жылдың соңына дейін тағы 28 мың ағаш отырғызу жоспарлануда, оның ішінде 12 мыңнан астамы отырғызылды.
Аудан әкімі Бақытжан Ақжаров айтуынша, аудандағы көптеген жобалар "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Биыл бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданы үшін бөлінген қаражат сомасы 78 жобаны іске асыруға 1,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.