Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты

Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 13:01 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астананың Байқоңыр ауданында Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан екі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.

Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 13:01

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге су оқпандары берілді", – делінген хабарламада.
Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 13:01

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар жедел түрде жану аймағынан 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: