Шымкенттіктерді 97 млн теңгеге алдаған жігіт түрмеге тоғытылды

Сурет: Zakon.kz
Алданғандардың қатарында аз қамтылған отбасы мен жеке кәсіпкерлер бар. Қаскүнем алдымен "қайырымды" адамның кейпіне еніп, аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіп жүрген.

Мүгедек ана мен екі қызының сеніміне кірген соң, мемлекеттен кезексіз пәтер алуға көмектесемін деп олардың ЖСН-ін алып, 3,5 млн теңгеге тауарлай несие рәсімдеген.

Сондай-ақ қолданып жүрген телефондарын жаңартып беремін деп сендіріп, құжаттарымен алып кеткен соң қайта оралмаған.

Тәртіп сақшылары аталған арызды ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеп, күдіктіні қала аумағында ұстады.

Тергеу барысында 20 жастағы жергілікті тұрғынның бұдан өзге де алаяқтық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды.

Нақтырақ айтқанда, ол қала аумағында валюта айырбастаумен айналысатын жеке кәсіпкердің сеніміне кіріп, оған 90 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені және базардағы сатушы әйелді 3,8 млн теңгеге алдап соққаны анықталды.

Тергеушілер айғақтар мен іс құжаттарын жинақтап сотқа жолдады. Сот жас жігітке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі