Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды

Сурет: pixabay
Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі сағат 12 шамасында Рудныйдағы Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады. Ол полиэтилен пакетке оралған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады ведомство.

Полицейлер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп жазды "Костанайские новости".

"Егер сіз осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. Қандай да болсын ақпарат тергеуге көмектеседі".Қостанай облысының полиция департаменті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін