Қазақстанның сегіз облысында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асуы мүмкін
Фото: unsplash
Ақтөбе облысында 26 қарашада солтүстік-батыс және батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, кей жерлерде 30 м/с-тан асуы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында екі күн бойы қатты жел соғады. 26 қарашада оның екпіні 30 м/с-тан асуы мүмкін. 27 қарашаға қараған түні аталған облыстардың батысы, солтүстігі мен шығысында да жел осындай күшке жетеді. Көкшетауда 26 қараша күндіз және 27 қарашаға қараған түні жел екпіні 30 м/с-тан жоғары болады.
Павлодар облысында 27 қарашада жел күшейеді. Ал Қарағанды облысында 26-27 қарашада екпінді жел соғады. Әсіресе 27 қарашаға қараған түні кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асып кетуі мүмкін.
Түркістан облысының бірқатар ауданында 26 қарашада жел екпіні 30 м/с-тан жоғары болады. Қатты жел Жамбыл облысы мен Тараз қаласында да болжанып отыр. Бұл өңірлерде жел 26 қараша күндіз күшейеді.