Синоптиктер 30 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 30 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 16:53 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, шаңды дауыл мен екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: