Синоптиктер 6 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 16:11 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: