Шымкентке қатынайтын барлық әуе рейсі кешіктірілуі мүмкін екені ескертілді

Сурет: pixabay
Шымкентте ұшақтар белгіленген уақытта әуеге көтерілмей, кестеден қатты кешігіп жатыр. Аталған жайтқа қатысты FlyArystan әуе компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты (қалың тұман) Шымкенттен шығатын немесе келетін барлық рейс кешіктірілуі мүмкін. 

"Қалыптасқан ауа райы және алдағы болжамдар Шымкент қаласының әуежайында ұшақтардың ұшуы мен қонуын орындауға мүмкіндік бермей тұр. Әуе компания Шымкент қаласының әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын қалтқысыз қадағалап отырады", делінген хабарламада.

FlyArystan орын алған жағдай әуе компаниясының кінәсінен еместігіне қарамастан, жолаушыларға мынандай қызметтер ұсынады:

  1. Рейс екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар ұсынылады.
  2. Рейс төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ ұйымдастырады.
  3. Рейс 5 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар орын болып жатса, алдағы рейске бір тегін қайта брондау жүзеге асыра алады немесе тариф ережелеріне сәйкес, билет құнын толықтай қайтара алады. 
"Сусындар мен тамақтану мәселелері бойынша жолаушылардан әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз. Жолаушыларға билетті брондау кезінде көрсетілген нөмірге шұғыл жолданатын хабарламаларға мұқият болуды ескертеміз", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Көлік министрі Марат Қарабаев 19 желтоқсанда үкіметте өткен брифинг барысында Air Astana-мен салыстыра отырып, Fly Arystan бөлімшелерінің оң және теріс жақтарын атады.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер