Fly Arystan-ның Air Astana-дан бөлініп шығуы: Көлік министрі оң және теріс тұстарды атады
Сурет: Zakon.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев 19 желтоқсанда үкіметте өткен брифинг барысында Air Astana-мен салыстыра отырып, Fly Arystan бөлімшелерінің оң және теріс жақтарын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марат Қарабаев Air Astana-ға қатысты шешімдерді құрылтайшылар, яғни әуе компания басшылығы шешетінін айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, акцияның басты иегері "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры болып табылады. Түпкілікті шешімді кез келген жағдайда әке компания пікірін ескере отырып, құрылтайшылар құрамы қабылдайды. Алдында басқа, қазір басқа нәрселер айтылып жатыр. Жалпы, біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Fly Arystan-ды Air Astana құрамынан бөліп алуды, сол арқылы нарықта бәсекелестікке әсер ететін компаниялар санын арттыру керектігін айтқан болатынбыз", - деп сөзін толықтырды министр.
Оның айтуынша, сала сарапшылары, оның ішінде Air Astana, "Самұрық-Қазына" және көлік министрлігі бұл жайт авиабилеттің қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін деген пікірде.
"Қазір Fly Arystan жеке заңды тұлға ретінде емес, Air Astana құрамында жұмыс істейді, яғни бухгалтериясы бір, персоналдарға қызмет көрсетуі бір, бір колл-орталық, техникалық персоналы да бір. Қосалқы бөлшектер базасы да бір, бірыңғай. Осының арқасында шығын базасы қысқарып отыр, қазір лоукостердің әуе билетінің құнын қазіргі деңгейде сақтау мүмкіндігі бар. Біз, егер олар бөлініп өз алдына жеке-дара шықса, басқа техникалық персонал қажет болады деп қорқамыз. Ондайда меншік иесі өзгереді, оның 11 борты бар, бөлек байланыс орталығы, бөлек бухгалтерия керек болады. Басқару құрамын да жаңадан жасақтау қажет болады, сонымен қатар ең қымбат, бөлшектерді сақтауға арналған база бөлек болуы керек. Мұның бәрі авиабилеттің қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан біз оның Air Astana құрамында қалу жағдайын да талқылаймыз", – деп түсіндірді Қарабаев.
Бірақ, соған қарамастан, көлік министрі бөліп алу мәселесі талқыланып жатқанын, бірақ бұл мәселенің оң және теріс тұстары бар екенін атап өтті.
"Жалпы, Fly Arystan дербес дамитын болса, бұл нарықтағы бәсекелестікті арттырады. Кемшілігі – әуе билеті құнының күрт өсуіне әкеліп соғады-ау деп қорқақтаймыз", - деп сөзін түйіндеді Марат Қарабаев.
19 желтоқсанда Көлік министрі Қазақстандағы тағы үш әуежайды шетелдіктердің басқаруына беру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript