Жаңалықтар тізбегі
0

Вице-министр Air Astana әуекомпаниясының борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

Air Astana, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2023 14:02 Сурет: Zakon.kz
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Air Astana АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл - орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ы.

Кеңес нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясына келесі тапсырмалар берілді:

  • Air Astana әуе кемелерін Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдасын;
  • әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
  • әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: