"Ешқандай дәлел жоқ, телефон жоқ, денесінде қан іздерінің, киімінде ізі жоқ. Төлептің әкесі бүкіл полицияны сол жерде күткен, кафеде күткен. Аузы майланғанның тілі қысқарады деп, бұл ДНҚ сараптамасынан да ешқандай негіз жоқ. Өйткені балам ол жерге барған жоқ. Бетінде ешқандай тырнақ ізі жоқ, денесінде де із жоқ. Бұл ДНҚ сатып алмағанда қайдан шығады? Түркістаннан келген оперлер баламды ұрып соғып, қолын батареяға байлап, басына пакет кигізіп, есінен тандырып, аяғын, басын сол жерде киімілгішпен мыжып мойындатқан".Сотталушының анасы Қызжібек Әлиева
19 жастағы Бейбарыс қылмыс болғаннан кейін бір апта өткен соң ұсталыпты. Бірақ ол Аружан өлтірілген күні туған бауырлары және әкесімен басқа ауылда болған дейді анасы. Тіпті істі бұрмалау үшін қылмыс орнындағы бейнебақылау камерасының жазбалары да жоғалып кетті деп отыр. Ал тергеушілер мәйіттің тырнағының астынан табылған теріге тәуелсіз сараптама жасатуға қарсылық білдіріпті.
Айта кетейік, сәуір айында Төрткүл ауылында 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы 9-сыныпта оқитын Аружанды өлтірді деген күдікпен ұсталған. Олар марқұмның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған. Кейін Аружанның денесіне бірнеше жерден пышақ салып, мәйітті каналға ағызып жіберген. Өткен аптада осы қылмысты жасаған 19 жастағы Бейбарыс 16 жылға сотталса, 11 сынып оқушысы жеңіл жазамен құтылды. Экс әкімнің ұлына небәрі 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осыған ашынған Аружанның туыстары мен ауыр жаза арқалаған Бейбарыстың анасы апелляцияға жүгінбекші.