Тоқаев халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен олардың ұстаздарын марапаттады
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты рәсімде халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық білім додаларында алтын медаль иеленген оқушылар мен студенттерге 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), күміс жүлдегерлерге 1000 АЕК, ал қола медаль иегерлеріне 500 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы берілді.
Сондай-ақ шәкірттерін беделді халықаралық жарыстарға дайындап, үздік нәтиже көрсетуіне үлес қосқан ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін "Құрмет" орденімен:
- Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжеханова;
- Алматы қаласындағы №134 лицейдің мұғалімі Ирина Нестеренко марапатталды.
- "Ерен еңбегі үшін" медалі:
- "Edlight Academy" әдіскері Жанболат Жолгелдиевке;
- Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға;
- "Haileybury Almaty" мектебінің мұғалімі Владимир Жукке;
- Өскемен қаласындағы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке табысталды.
Ал "Шапағат" медалімен:
- Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқын;
- Талдықорған қаласындағы №24 лицейдің мұғалімі Меруерт Абаева;
- Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеев;
- Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышев марапатталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript