Алматыда автобустың адамдарды қағып кеткен сәтінің видеосы тарады

Сурет: Zakon.kz
Полицейлер Алматыда автобустың бір топ адамды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады, бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан адамдардың жол бойында тұрғанын, кейбірінің жолды кесіп өтуге дайындалып жатқанын, автобустың бар жылдамдықпен соғылғанын көруге болады.

Автобус әуелі шағын автобусты, одан кейін аялдамада тұрған адамдарды соққан. 

“22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - “ДуманТрансКом” ЖШС) жолаушысы жанжал барысында жүргізуші әйелді ұрған, салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты”.Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады