Солтүстік Қазақстан облысында дүлей дауылдан шатырлар ұшып, 181 ауыл жарықсыз қалды

Сурет: КТК телеарнасы
Солтүстік Қазақстан облысында екпіні күшті жел жел ғимарат шатырларын жұлып, 10 мыңға жуық тұрғынды жарықсыз қалдырды. Жолдарда жүздеген автокөліктер қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Электр сымдары үзіліп, электр тораптарында қысқа тұйықталу болған. 181 ауыл жарықсыз қалды. Ақауды жөндеуге 100 бригада жұмылып, 200-ге тарта техника тартылған. Әзірге абоненттердің жартысына ғана жарық берілді.

Барлық ауданда әлі бес мыңнан аса үй қараңғыда отыр. Дүлей дауыл Сергееевка ауылындағы мектеп пен балабақшаның шатырын жұлып кетті. Ал Петропавлда көше мен ғимараттардағы мерекелік безендірулердің быт-шытын шығарған.

Жолдарда қар құрсауында қалған жеңілі мен жүгі бар көліктерді шығару жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен полицейлер жолда үсіп қала жаздаған 94 адамды құтқарды. Арасында балалар да көп.

"Осыған ұқсас жағдай қайталанбайды дей алмаймыз. Жағдай реттелген жоқ. Жел қарқыны қатайған жағдайда елдімекеннен алыстамауды сұраймыз. Ата-аналар баласын қараусыз қалдырмауы керек".Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Әсет Шайкин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды