Пиротехника және ЖРВИ: Жаңа жылдық демалыс күндері Алматыда 9 мың адам дәрігер шақырған

Пиротехника және ЖРВИ: Жаңа жылдық демалыс күндері Алматыда 9 мың адам дәрігер шақырған Сурет: Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматыда жаңа жылдық демалыс күндері "103" пультіне қала тұрғындарынан 9 мың қоңырау түскен.

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүкіл мегаполис демалып, Жаңа жыл мерекесін тойлап жатқанда дәрігерлер әдеттегідей қызмет көрсеткенін айтты. Алматы қалалық Медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Павел Бурда жаңа жылдық демалыстан кейінгі жағдайға түсініктеме берді.

Оның сөзінше, 2023 жылдың 31 желтоқсаны мен 2024 жылдың 2 қаңтары аралығындағы күндер мазасыз өтті. 9 мыңға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.


Қала тұрғындары мен қонақтарының көбіне дене қызуы көтеріліп, жөтелге шағымданған. Сонымен қатар түрлі жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген. Пиротехника заттарынан жарақат пен күйік алған 13 оқиға және ЖРВИ 733 диагнозы тіркелді", - деді ол.

Медициналық жедел жәрдем қызметінің аға дәрігері Ақмарал Асанова егер бұрын күніне 4 мыңға жуық шақырту болса, мереке күндері олардың саны 7 мыңға жуықтағанын айтты.

Айта кетейік, Алматы қаласында 12 қосалқы станция бар. Олар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын түгел 100% қамтиды. Күн сайын 186 медициналық жедел бригадасы кезекшілікке шығады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды