Түркияда трансгендерлер шоуын тамашалаған екі мұғалім жұмысынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Түркияда трансгендерлер шоуын тамашалаған Қызылорда облысының екі мұғалімі жұмысынан айырылды. Бірақ білім саласына жауапты шенеуніктер қармақшылық ұстаздардың мектептен кетуін басқа жағдай себеп деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қармақшы ауылындағы №250 лицейде жұмыс істеген мұғалімдердің қысқы каникул кезіндегі демалысы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Оқытушылар Түркиядағы түнгі клубтағы қыдырысын әлеуметтік желіге жариялаған. Оны көрген ата-аналар шу көтеріпті. Бұл қылықтарын оқу-ағарту министрлігіндегі комитет төрағасы да құптамады. 

Ернұр Дәуенов ұстаздардың трансгендерлер шоуына баруы "педагогикалық әдеп қағидатына жат" деді.

Ал Қызылорда облысының білім басқармасындағылар "бұл жағдай мұғалімдердің жұмыстан кетуіне түк қатысы жоқ" деп ақталды. Олар бірнеше күн қатарынан жұмыстан себепсіз қалғаны үшін лицейден шығарылыпты.

"Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себеппен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы 5-тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылды".Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды