Ресейге 5 миллион жұмысшы қажет

Сурет: pixabay
Ресейде жұмыс күші тапшы. Дәл қазіргі тиаңда елге 5 млн жұмысшы қажет.

Өйткені кәсіпорындар мен компаниялар өндіріс көлемін ұлғайтып жатыр. Ендеше ел үкіметі кадр тапшылығын қалай шешпекші.

Жалпы Ресей азаматтарының жалақысы 15 пайызға азайды. Бұл 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек бағасы 100 пайызға дейін көтерілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан елден кетіп жатқандардың саны азаяр емес. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, азаматтардың 40 пайызының жалақысы өмір сүрге жетпейтінін айтқан.

Жұмысшы дефициті барлық салада байқалады.

Әсіресе, кәсіби жүргізуші, дәнекерлеуші, электрик пен құрылысшы жетпей жатыр. Бұрын бұл жұмыстарды еңбек мигранттары істесе, қазір олар да өз елдеріне қайтуда.

Ресей үкіметі биыл жалақы өсетінін мәлімдеді. Дегенмен, мамандар инфляцияның салдарынан өмір сүру көрсеткіші төмендей беретінін айтады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев