Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, тұман түседі.
Атырау облысының басым бөлігінде қарлы бұрқасын. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматыда кей уақытта тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.