ШҚО-да жеңіл көлік КАМАЗ астында жаншылып қалды
Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік пен жүк көлігі қатысқан ауыр жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда көліктердің бірі КАМАЗ астында жаншылып қалғаны көрінеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Апат салдары түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан жеңіл көліктің қатты соқтығысып, жүк көлігінің астында жаншылғанын көруге болады.
Апаттың мән-жайын Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 6 қарашада Самар тасжолында болған. Cherry Tiggo 2 Pro, Toyota Carina E және КАМАЗ көліктері соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ШҚО полиция депаратменті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript