Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты

Жол апаты, Ақтөбе, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 20:29 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында 17 қарашада сағат 15.15 шамасында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам тапты. Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласындағы "Оңтүстік айналма жол" тас жолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Daewoo Nexia" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған "DAF" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушылары - 49 жастағы ер адам және 47 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты", делінген полиция хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны да нақтыланады.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: