БҚО-да жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік аударылып қалды - зардап шеккендер бар
Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында Самара - Шымкент тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты 30 қаңтарда сағат 07:46 шамасында орын алған.
"36 жастағы ер адам тізгіндеген Opel Astra көлігі 48 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Opel Astra көлігінде 17, 15 және 46 жастағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі, яғни "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript