БҚО-да алты жеңіл көлік тиеген автовоз аударылып қалды
Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы Орал-Атырау тас жолында, Көшім ауылына жақын жерде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мой город» порталының мәліметінше, жол апаты 5 наурыз күні сағат 22:30-да болған. Жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. Алты көлік тиеген техника жүргізушісі рульді басқара алмай, құрал аударылып қалды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек жүк зақымдалған.
Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Айтуынша, қалың көктайғақ салдарынан Орал-Атырау тас жолы 5 наурыз күні сағат 23:10-да жабылған. Полицейлер жүргізушілерден ауа райын ескеріп, ауа райы жақсарғанша алыс жолға шығуды кейінге қалдыруды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript