Ақтөбеде тағы да жеңіл көлік пен жүк тиеген машина соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
Алматыдан Мәскеуге бара жатқан жүк көлігі жол-көлік апаты кезінде аударылып қалды. Жеңіл көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік апаты бүгін сағат шамамен 14:00-де Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда екі көлік соқтығысты. DAF және Toyota көлігі соқтығысып, жеңіл машина жүргізушісі ауруханаға түсті. Ақтөбе облыстық ПД Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраевтің айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.
"Жедел жәрдем оқиға орнына барып, 1 адамды ауруханаға алып кетті. 29 жастағы ер адамға миы шайқалды деген диагноз қойылды. Ол дәрігерлерден кеңес алған соң ауруханаға жатудан бас тартты. Сонымен бірге көлікте болған 18 жастағы жігіт ауруханаға барудан бас тартты. Ал 38 жастағы ер адам дәрігерге шағым айтпады", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript