Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді

Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 22:12 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 19 қазанда Алматыда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Шоссейная және Бурундайская көшелерінің қиылысында болған. Hyundai Accent көлігі Шоссейная көшесімен келе жатып, Бұрындай көшесіне бұрылған. Көлік шығыс бағытында қозғалған кезде қарсы бағыттан "ГАЗель" жүк көлігі келе жатқан.

Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 22:12

Сурет: Zakon.kz

Осы учаскеде Hyundai жүргізушісіне "Жол бер" белгісі орнатылған. Алайда рөлде отырған қыз бұл талапты елемеген немесе байқамай қалған. Салдарынан ол жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне соғылған, деп мәлімдеді оқиға куәгерлері.

Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 22:12

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, соққыдан жүк көлігінің артқы дөңгелегі жұлынып, жүргізуші көлікке ие бола алмай қалған. Дегенмен "ГАЗель" жүргізушісі көлікті аудармай, оны ұстап қалуға үлгерген.

Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 22:12

Сурет: Zakon.kz

Hyundai салонында болған алты айлық сәби медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Кейін баланың апаттан зардап шекпегені және жағдайы жақсы екені анықталды.

Жедел жәрдем бригадасы жол апатына қатысқан өзге адамдарды да тексерді. Олардың ешқайсысын ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатын рәсімдеп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: