Ресейде алтын-валюта қоры азайды

Сурет: pixabay
Ресей үкіметі бір жылдың ішінде өзінің алтын-валюта резервінің 36% жоғалтты. Ал елді жаңа жылдан соң қайтадан қымбатшылық жайлаған. Азық-түліктен бөлек, автомобиль бағасы да шарықтады.

Ұлттық әл-ауқат қорындағы ақша 87 миллиард доллардан 55 миллиард долларға дейін қысқарды.

Ал ұлттық банк былтыр базалық мөлшерлемені 5 рет көтерген. Бұл қымбатшылықтың артуына сеп болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәнді-дақылдар, көкөніс, жұмыртқа айтарлықтай қымбаттады. Сонымен қатар сырттан жеткізілетін жеміс-жидек бағасы да біршама өсті. Жалпы азық-түлік жыл сайын қымбаттап жатыр. Евгений Лебедев, қала тұрғыны

Санкциядан зардап шеккен салалардың бірі – автомобиль өндірісі. 2023 жылы көлік 40 пайызға қымбаттаған. Тіпті қытайлық автомобильдердің де құны үш, төрт есе өскен. Ауыл шаруашылығы саласында да импорттық тұқым жоқтың қасы.

Бүгінгі таңда біз елді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарламалар керек деп есептейміз, азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс. Бұл үшін тиісті іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Александр Мельников, экономика ғылымдарының докторы

Былтыр инфляция 8 пайызға жуықтады. Банктер ипотека алу үшін пайыздық мөлшерлемені тағы өсірді, яғни 6 пайыздан 17 пайызға көтерілді. Сондықтан тұрғын үй бағасы арзандаған. Экономистер рубльдың долларға шаққанда құны түспесе, қымбатшылық өсе беретінін мәлімдеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды