Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы және Шымкент: 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 19-21 мамыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 11:22 Сурет: freepik
Синоптиктер 19-21 мамыр аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астана

19 мамыр: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +18...+ 20°C.

20 мамыр: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, күндіз кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+ 12°C, күндіз: +13...+15°C.

21 мамыр: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8 °C, күндіз: +15...+17 °C.

Алматы

19 мамыр: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде: +14...+16 °C, күндіз: +23...+25°C.

20 мамыр: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+ 15°C, күндіз: +18...+20 °C.

21 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+ 13 °C, күндіз: +20...+22°C.

Шымкент

19 мамыр: аспан бұлтты, қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы - 2 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +18...+20°C.

20 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.

21 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13 °C, күндіз: +23...+25°C.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: