Жаңалықтар тізбегі
0

20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 20 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 17:00 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. 

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу құбылысы тән, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады". "Қазгидромет" РМК

Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі жоғары, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: