"Қатты жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады". 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 7 сәуір, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 17:49 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы тұрақсыз болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі жалпы сипат береді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Алматы қаласында 6 сәуірде сағат 17:00-ден кейін жаңбыр жауып, оның келесі күнге дейін жалғасатыны болжанған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: