Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер ескерту жасады: Алматыда 6 сәуірде ауа райы күрт бұзылады

Ауа райы болжамы, Алматы, 6 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 09:56 Сурет: pixabay
Алматы қаласында 6 сәуірде сағат 17.00-ден кейін басталған нөсер жаңбыр келесі күнге дейін жалғасатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүргізушілерден ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты көліктерін жол шетіне қоймауды сұрайды. Сондай-ақ, қалада көлшіктердің пайда болмасы үшін көптен арықтарға, су ағарлар мен арналарға қоқыс тастамау ескертіледі. 

Қандай да бір учаскелерді су басқан жағдайда жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қала тұрғындары аудан әкімдіктеріне хабарласа алады немесе мына телефон нөмірі арқылы what ' s app желісіне хабарлама қалдыруға болады: +7 706 689 8898.

"6 сәуірде сағат 17:00-ден бастап жаңбыр жауып, қалыпты деңгейде - 8 мм-ге дейін жауады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы: +15...+17°С, түнде: +10...+12°С. 7 сәуірде кей тұстарда қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +12...+14°С", делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Синоптиктердің айтуынша, келесі аптада оңтүстік астанада бұршақ аралас жауын-шашын болып, қатты жел тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: