Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

12-13 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 10:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
12-13 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәрмеңкеге Алматы мен Абай облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:

  •  Ет өнімі – 100 тонна;
  •  Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;
  •  Сүт өнімі – 30 тонна;
  •  Балық өнімдері – 10 тонна;
  •  Өзге өнімдер – 60 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: