"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ хабарлауынша, 23 қаңтардан бастап еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі алғашқы жер сілкіністерінен кейін мамандар газ құбырлары мен ондағы құрылыстардағы келеңсіз салдарды анықтау және жөндеу бойынша күн сайын тексеру жүргізеді.
"Сонымен 30 қаңтарда Алматыда "ДЛС-Пергам" мобильді зертханасының газ желілерін пайдалану қызметінің қызметкерлері жерасты орта қысымды газ құбырында газдың шығуын анықтап, нәтижесінде 170 жеке үй газдан ажыратылды. Сол күні, 30 қаңтарда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары ағып кетуді жою үшін түні бойы жедел авариялық қалпына келтіруді жүргізілді", - делінген хабарламада.
Қазір барлық үй газға қосылған. Алматылықтар кейінгі кездері жер асты дүмпулеріне алаңдап жүр. Қала тұрғындарын дүр сілкіндірген ең ауыр оқиға 23 қаңтарға қараған түні болды.
Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісі 5 балға жеткен, Шымкентте жер сілкінісі екі балдық деңгейде сезілген. Кейін бас сейсмолог дүрбелеңге негіз жоқ екенін, Қазақстан тұрғындары Қытай мен Қырғызстандағы жер сілкінісінен кейінгі дүмпулерді ғана сезінгенін айтты. Алайда ескертусіз алматылықтар үрейленіп көшеге жүгірді, кейбірі тіпті терезеден секірді. Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, соның салдарынан ондаған адам зардап шеккен.