Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті екі айға қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", - делінген сот таратқан хабарламада.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптап, бұл оқиғаны жеке өзі қадағалайтынын айтты.

Жедел жәрдем жүргізушісі кейінірек оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Бас прокуратура 1 ақпанда күдікті Нұрболат Дәкебаевтың ұсталғанын хабарлады. Ер адам осы оқиғадан кейін бой тасалап, оған іздеу жарияланған еді. 

Артынша жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған ер адамды кешіруге дайын екенін айтты.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы