Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 19:00 Сурет: видео скрині
1 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 00:20 шамасында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптап, бұл оқиғаны жеке өзі қадағалайтынын айтты.

Жедел жәрдем жүргізушісі кейінірек оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: