Алматыды лай көшкіні жүрген орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі Тау-Самал ықшамауданында көшкін жүріп, тұрғын үйді басып қалған төтенше жағдай орнынан сурет жариялады. Кадрларда апаттық қызмет мамандары мен арнайы техниканың үйінділерді тазалап жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түсті. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

Сурет: gov.kz

Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.

Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда.

Сурет: gov.kz

Ақпарат толықтырылатын болады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.

Ақпанның 8-іне қараған түні "Тау-Самал" шағын ауданындағы Олимпийская көшесіндегі жеке тұрғын үйді көшкін басып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға топырақтың батпақтануынан болған. Төрт адамнан тұратын отбасын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шұғыл жетті.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты