Елордада бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды

Сурет: Zakon.kz
"Алматы" ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

Астана қаласының прокуратурасы берген мәліметке сай, 2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді