Аяғы ауыр әйелдерге ораза ұстауға бола ма

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады. Бұл айда мұсылман қауымы Алла разылығы үшін отыз күн ауыз бекітіп, тамақтан тыйылады.

Рамазан айының қарсаңында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан арнайы Almaty.tv тілшісіне жауап берді.

1. Аяғы ауыр қыз-келіншектерге ауыз бекітуге бола ма?

Жауап: Ислам жеңілдік діні. "Бақара" сүресінің 184-аятында: "Алла Тағала ешкімге шамасынан тыс, көтере алмайтын міндетті жүктемейді", – делінген. Сондықтан аяғы ауыр немесе емізулі баласы бар аналар өз тәжірибиесіне және сенімді дәрігердің кеңесіне сүйене отырып, өзіне, баласына зиян келуден қорықса, осы жеңілдік аясында ораза ұстамауларына болады. Бірақ, кейін қазасын өтеуі шарт. Хадисте: "Алла Тағала жолаушыны оразадан және намаздың жартысынан босатты, әрі аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерді оразадан босатты", – делінген (Байһақи).

2. Ораза кезінде тіс жұлдыруға бола ма?

Жауап: Ауырып жайсыздық мазаласама емдетуге де, жұлдыруға да рұқсат. Тек тістен шығатын қан, ауыз шаятын сұйықтық дәрілер тамақтан өтіп кетпеуін қадағалау керек.

3. Аузы берік адамға укол салдыруға бола ма?

Жауап: Емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын пенициллин, инсулин, екпе, дененің белсенділігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. Алайда алдымен дәрігерден уколдың қандай дәрі екенін сұрауы шарт. Егер ораза кезінде укол салу аса қажет болмаса, оны ауыз ашқаннан кейін немесе рамазан айынан басқа уақытта салдырған абзал.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: