Семейде колонияға телефон кіргізбек болған ер адам ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 13:13 Фото: Zakon.kz
Семейде №20 мекемесінде тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған затты, атап айтқанда, телефонды жеткізудің кезекті әрекетін тоқтатты.

Рентген аппаратының көмегімен азық-түлікті тексеру кезінде қызметкерлер "Қазақстан" шоколадының орамына салынған телефонды тапты.

Әңгімелесу кезінде 24 жастағы Семей қаласының тұрғыны өзінің танысына қысқа мерзімді кездесуге келгенін және оның өтініші бойынша телефонды шоколад пакетіне жасырып алып келгенін мойындады.

"Сотталған курьермен таныс екенін және жеткізуді ұйымдастырғанын жоққа шығарды. Қазіргі уақытта "курьерге" қатысты әкімшілік хаттама жасалды", – деп түсіндірді режим бөлімінің бастығы Мейіржан Кунафин.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: