Алматы облысында екі ер адам колонияға насыбай толы бөтелке лақтырмақ болған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2024 18:49 Сурет: polisia.kz
Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.

Сурет: polisia.kz

Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: