СҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандар ұсталды
СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекемеге іргелес аумақты патрульдеу кезінде қызметкерлер «Ваз 21099» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру кезінде, мекеме аумағында айналымға тыйым салынған заттар : 8 ұялы телефон («Nokia» маркалы 7 Телефон (ұзындығы 5 см), «Samsung » маркалы 1 смартфон), 7 зарядтау құрылғысы және 7 «Beeline» сим картасы тәркілеген.
Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Жыл басынан бері бұл факт Солтүстік Қазақстан облысында бірінші рет тіркелген.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекеме аумағына тыйым салынған заттар лақтырылған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бұл ескерту жасауға немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілей отырып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал түрме аумағына есірткі заттарын лақтыруды жоспарлаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.